Саакашвилидің ұшағы сынып, Бухаресте шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің ұшағы шассидің бұзылуынан Бухарестің әуежайына шұғыл түрде қонды.
None
None

Бұл туралы президенттің әкімшілігіне сілтеме жасап Ресей Жаңалықтары хабарлады.

«Грузия Президенті Михаил Саакашвили жоспарланған уақытта Румыниядан Грузияға орала алмады. Нақтылап айтқанда, ұшақ көкке көтерілгеннен кейінгі 10 минуттан соң Бухарестің әуежайына жедел қону жүзеге асырылды. Себеп техникалық ақаулық, атап айтқанда, шассимен проблема болды», - делінген президент әкімшілігінің хабарламасында.

«Рустави-2» телекомпаниясының мәліметінше, президенттің Boieng-і Отопень әуежайынан ұшып шықты. Қайта оралу туралы шешімді ұшақтың пилоттары қабылдады. Бухарестке оралғаннан кейін Саакашвили Еуропалық халық партиясының конгресі өтуі кезінде  тоқтаған қонақүйге қайта барды.

Соңғы жаңалықтар