Сабаққа барғысы келмеген оқушы екі күн қатарынан «мектепте бомба бар» деп хабарлаған

сабақ мектеп
Фото: Сәкен Сейфуллин атындағы № 11 мектеп

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағандыдағы мектептердің бірінде дарылғыш зат бар деген жалған ақпарат таратқан бала анықталды. Оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

— Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қоңыраулар диспетчерге 2 және 3 қыркүйекте түскен.

Өзін мектеп оқушысы деп таныстырған бала төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнында бомба бар деп мәлімдеген.

Тексеру барысында ақпарат расталмаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының жалған терроризмге қатысы бар екенін анықтады. 

Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа барғысы келмеген соң осындай қадамға барған. 

— Баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Аталған жағдай мұндай «әзілдің» орынсыз екенін және жасөспірімдердің әрекетін бақылау қажеттігін көрсетеді, — деп қосты полиция департаментінен. 

Соңғы жаңалықтар
telegram