Сәби қолына Құран ұстап туды

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос аймағының 32 жастағы тұрғыны Киклемо Илори жуырда босанған еді.
None
None

Дүниеге әкелген сәбиінің уысында Құран-Кәрім кітабі болыпты. Елдімекендегі дәрігер Тавак: «Бұл жағдай бізді таңғалдырып отыр. Киклемо Илори жүкті болудан бұрын Құран кітабін байқаусызда жұтып қойғанның өзінде, кітап ана құрсағында болуы мүмкін емес», - дейді. Киклемо Илори болса: «Баламды 10 ай көтердім, осы уақытта қолында ұстаған заты бары маған еш білінген емес», - дейді.

Ата-анасы баласына Устадз Абдул Рахман деген ат қойыпты. Нигерияның Ислам діндер одағының имамы Романи Тижани Алифаткурееб, комиссия басшысы Нарсурулифати Алхажи Абдуллахи Акибодидар әке-шешесін балаға құрметпен қарауға шақырып, сәбидің анасының атын «Шерифат» деп өзгертіпті.

Соңғы жаңалықтар