Сәби суреттегі бейнелерді 9 айға толған соң тани бастайды - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандардың пікірінше, балалар суреттегі бейнелерді 9 айға толған соң тани бастайды.
Бұндай тұжырымға британиялық ғалымдар 7 айға толған 30 баланы бақылау кезінде келді. Олар сәбилерді 20 апта бойы бақылаған. Тәжірибе барысында зерттеушілер сәби 9 айға толған кезде ғана суреттегі бейне-кескіндерді тани бастайтындығын көз жеткізеді. Бұл өз жасына сай өсіп келе жатқан сәбилерде тән қасиет, деп жазады шетелдік БАҚ.