Сәбиін қорлаған ананың әрекеті: полицейлер түсінік берді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ІІД өзінің сәбиін қорлап, бейнежазбаға түсірген әйелге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін, әлеуметтік желілерде аталған бейнежазбаның Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде түсірілгені жарияланған болатын. Видеода әйел нәрестесін туғанына өкінетінін айтып, оны жұлқылап, жылатады.
«Бұл бейнежазба зерттелді. Аталған факт Қостанай облысында болмаған», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.