Сәбина Алтынбекова жарнамаға түсті - (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал спортшы Сәбина Алтынбекова Қытайда сағат туралы жарнамаға түсті.

Сәбина Алтынбекова жарнамаға түсті - (ФОТО)

Жарнаманың суреттерін қытайлық Оn.cc. сайты жариялаған, деп хабарлайды sports.kz.

Қытай басылымдарының жазуынша, Ernest Borel деп аталатын швейцариялық сағаттар Аспанасты елінің нарығына 999 данамен келген. Қолсағаттың әрқайсысының бағасы шамамен 10 мың АҚШ доллары тұрады.