«Сәбина келін» қуыршағы аукционға қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер, сценарий авторы, актер, продюсер Нұртас Адамбай «Сәбина келін» қуыршағын аукционға қойды. Сату нәтижесінде түскен ақша қуыршақты жасаған Анар Лепесованы емдеуге бағытталады.
None
None

«Қымбатты достар! Аукцион жариялаймыз! Анар Лепесова жасаған алғашқы және бірегей «Сәбина келін» қуыршағын сатамыз. Қуыршақпен бірге фильм кейіпкерлерінің қолтаңбалары беріледі.  Жиылған қаражат Анарды емдеуге (жүйелі склеродермия) бағытталады. Бастапқы құны 20000 тг. Қадам 10000 тг. #куклаСабина. Комментарийге өз бағаларыңызды жазыңыздар. Қатысушылардың адалдығына сенеміз. 3 күн ішінде, 22 қазанға дейін ең үлкен сома ұсынғандар қуыршаққа ие болады! Рахмет! Аукцион Фейсбук және Инстаграмда өткізіледі», - деп жазды Адамбай өзінің Инстаграмдағы аккаунтінде.

Анар Лепесова күрделі және сирек кездесетін жүйелі склеродермия дертінен зардап шегеді. Анар қуыршақтарды тоқуды үйренген.

Другие друзья! Объявляем аукцион! Выставляем первую и единственную куклу "Келинка Сабина", которую изготовила замечательная девушка Анара Лепесова! К кукле прилагаются автографы героев фильма. Все собранные средства пойдут на лечение самой Анары (системная склеродермия). Начальная цена 20000 тг. Шаг 10000 тг. #куклаСабина. Пишите в комментариях свою цену. Надеемся на порядочность всех участников. Кто предложит наибольшую сумму в течение 3 дней, до 22 октября, тот получит эту замечательную куклу! Спасибо! Аукцион проводится в фейсбуке и Инстаграм

Фото опубликовано nurtasadambay (@nurtasadambay) Окт 18 2016 в 9:00 PDT

Соңғы жаңалықтар