Сәбира Майқанова үшін арнайы жазылған «Мұрагерлер» қойылымын театр қайта сахналайды

АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 21-і күні Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында Дулат Исабековтің «Мұрагерлер» драмасының премьерасы болады,

Сәбира Майқанова үшін арнайы жазылған  «Мұрагерлер» қойылымын  театр  қайта сахналайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қойылымның қоюшы-режиссерлері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Оразхан Кенебаев пен Бақтияр Қожа. Ал қоюшы суретшісі Ерік Әдісбек. Адамгершілік, имандылық мәселелерін көтеретін бұл пьеса ҚазКСР-нің және КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбира Майқанова үшін арнайы жазылған. Драма театры оны алғаш рет сахна шеберінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 1983 жылы қаңтардың 29-ында қойған болатын.