20:25, 29 Қазан 2025 | GMT +5
Сабыржан Рахатов жасөспірімдер Азиадасында қола медаль иеленді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық еркін күрес шебері Сабыржан Рахатов Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында қола медаль жеңіп алды.
- Жерлесіміз 48 келіге дейінгі салмақта үздіктер қатарына еніп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, - деп жазды Ұлттық Олимпиада комитетінен.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Сабыржан Таиланд спортшысы Варат Фангсаймен кездесіп, қарсыласын 10:0 есебімен таза жеңіспен ұтты.
Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан джиу-джитсудан екі медаль жеңіп алды.