Сәбит Мұқановтың жұбайы Мәриям Мұқанованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

АЛМАТЫ.Қыркүйектің 17-сі.ҚазАқпарат/Индира Ержан/ - Жазушылар одағында Қазақ Кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қарымды қаламгер Сәбит Мұқановтың зайыбы Мәриям Мұқанованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді,

Сәбит Мұқановтың жұбайы Мәриям Мұқанованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерейтойда Елбасының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Парламент Мәжілісі депутаттарының құттықтау хаттары салтанатты түрде оқылды.

Ардақты әжені құттықтауға келгендердің ішінде Ә.Нұршайықов, Т.Молдағалиев, Қ.Исабаев, С.Қирабаев, С.Қасқабасов сынды елге кеңнен танымал ақын-жазушылар, көрнекті ғалымдармен қатар өнер майталмандары Н.Нүсіпжанов, Б.Сәмединова, А.Үлкенбаевалар болды.