19:55, 11 Сәуір 2025 | GMT +5
Саблямен семсерлесуден Гран-при турнирі: Қазақстан сапында кімдер бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Саблямен семсерлесуден Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының алдын ала тізімі жарияланды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ауқымды халықаралық жарыста еліміздің намысын 3 спортшы қорғайды. Құрам сапына Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы және Қуаныш Ерғашбай енген.
Айта кетерлігі, құрамның соңғы нұсқасында өзгерістер болуы мүмкін.
Гран-при турнирі 2-4 мамыр аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін спорттық гимнастикадан әлем кубогында қазақстандық үш спортшы финалға шыққанын жазған едік.