Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы қола медаль еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы Кувейтте өтіп жатқан Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. 

Саблямен семсерлесу
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандықтар командалық сында үздік үштікке енді.

Турнирдің негізгі айналымында отандастарымыз Өзбекстан мен Жапонияны қапы қалдырып, жартылай финалда Иранға есе жіберген. Осылайша, Бақдәулет Құралбекұлы, Артем Саркасян, Саттархан Назарбай және Жанат Нәбиев төрттігі құрлықтық доданың қола жүлдесіне ие болды. 

Айта кетейік, бұған дейін Ерлік Сертай ерлер шпагасынан қола медаль жеңіп алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар