Садақ атудан Әлем чемпионатына қатысатын мергендер анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Садақ атудан Қазақстан командасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады. 28 мамырдан бастап Ұлттық құрама мүшелері Талғар қаласындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, команда мүшелері 6-17 маусым аралығында Нидерландтың Хертогенбос қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындалмақ.
Ұлттық құрама лицензиялық Әлем чемпионатына қатысатын мергендер тізімін жария етті.
Классикалық түрде садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев;
Классикалық түрде садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Гаухар Игібаева, Қаракөз Асқарова;
Компаунд, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рустам Қарабаев, Сергей Христич;
Компаунд, әйелдер: Диана Макарчук, Адель Жексенбинова, Мария Өмірзақова.