Садақ атудан әлем кубогы Қытайдың Шанхай қаласында өтеді

Шанхай
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Садақ атудан әлем кубогының алғашқы кезеңі Қытайдың Шанхай қаласында өтеді.

ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, аталған дода 23 сәуірде басталып, 28 сәуірде мәресіне жетеді.

Айтулы жарыста Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алған Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко да бақ сынайды.

Жалпы әлемдік додаға Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысады. 

Олар: Әлихан Мұстафин, Алина Ильясова, Гаухар Игибаева, Диана Тұрсынбек, Алуа Мұхтарханова, Сергей Христич, Акбарали Қарабаев, Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметова.

Соңғы жаңалықтар