Садақ атудан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияның Париж қаласында садақ атудан әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Садақ атудан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынды: ерлер арасындағы олимпидалық айналымда ең жоғарғы нәтижені Илфат Абдуллин көрсетті. Ол 9-шы орын иеленді. Ал Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев және Денис Ганькин 57-ші орында.

Әйелдер арасындағы олимпиадалық айналымда Фарида Төкебаева – 33-ші, Анастасия Баннова, Алина Илиясова және Гауһар Игібаева 57-ші сатыдан көрінді.

Командалық сында Қазақстан командасы 17-ші орын алса, аралас командалық бәсекеде 9-шы орын иеленді.