Садақ атудан Қазақстан командасы Оңтүстік Кореядағы әлем кубогына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Садақ атудан Қазақстан командасы олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Садақ ату
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Артем Кичкин жаттықтыратын команда 18 мамырға дейін дайындықтарын жалғастырады. Содан соң әлем кубогына қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанады. 

Аталған додада бақ сынайтын қазақстандық спортшылар тізімі төмендегідей:

Ильфат Абдуллин

Александр Еременко

Дәулеткелді Жаңбырбай

Денис Ганькин

Алина Ілиясова

Елизавета Авдеева

Диана Тұрсынбек

Сабира Жұмағұлова

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы турнир 20-26 мамырға жоспарланған.