Саддам Хусейн «Әл-Кайедамен» ешқашан ынтымақтаспаған - АҚШ-та жарияланған құжаттар
Сәрсенбі күні АҚШ-та жарияланған құжаттар осыны дәлелдеп отыр. Бұл жерде ФБР агенттерінің Хусейн үкіметінің бұрынғы вице-премьері Тарик Әзизден 2004 жылдың қаңтар-маусым айларының аралығында алған жауаптарының жазбалары туралы сөз болып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Диктатордың өзі өлім жазасына кесілердің алдында берген жауаптарында, «фанатик» деп санайтын Усама бен Ладенмен ешқашан кездеспегенін және Ирак үкіметінің АҚШ-қа қарсы күресте «Әл-Кайедамен» ешқашан ынтымақтаспағанын мойындаған болатын. Тағынан тайдырылған Хусейн сондай-ақ, Иракта жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың бар екендігіне сендіріп, әлемдік қоғамдастықты қасақана алдағанын айтқан. Оның айтуынша, ол шындықты айта алмаған, себебі Ирактың сол кездегі басты жауы саналатын көрші Иран мұны әлсіздіктің белгісі деп бағалауы мүмкін еді.