Сәдібек Түгел штабы Жезқазғанда концерт ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жезқазғанда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелді қолдауға арналған концерт өтті. Бұл туралы үміткердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сәдібек Түгел штабы Жезқазғанда концерт ұйымдастырды

Кеште «Ұлы Дала қырандары» РҚБ атынан президенттікке үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілі, журналист Базаргүл Үмбетова сөз алып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сәдібек Түгелдің тұғырнамасындағы төрт тұғыр - тіл, діл, жер мен ар-намыс бір-бірінен ажырамас ұлттық құндылықтар екенін тілге тиек етіп, оны жас ұрпақ бойына сіңірудің басты бағыттары бағдарламада көрсетілгенін жеткізді.

Жиында сондай-ақ, тағы бір сенімді өкіл Күләш Молдаxметова Сәдібек Түгелдің мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетудегі еңбегі жайлы айтып, тіл құдіреті туралы өлең оқыса, Көкшетаудан арнайы келген ақын Бақыт Мұxамедраxимова кандидаттың қайраткерлік, азаматтық қырына тоқталды.

Концертте Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншілері Ардақ Мұқышев, Зәуреш Омарова, Ләйла Бекбалақова, Асxат Сағындықов, Зәуре Елбаева, Перизат Несіпбаева, Айзада Әбдіxалықовалар өнер көрсетті.