Сәдібек Түгел ұлттық құндылықтар жөнінде дөңгелек үстел өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел елордада «Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Дөңгелек үстелді ашқан жазушы-журналист Сәдібек Түгел сайлауалды бағдарламасы туралы сөз қозғап, алдағы мақсаттары жөнінде әңгімеледі.

Іс-шарада кандидаттың сенімді өкілі, сот саласының еңбек сіңірген қызметкері Талғат Омар, қоғам қайраткері Қыдырбай Нұрпейісов, ақын Бақытжан Тобаяқов, «Время Астаны» газетінің бас редакторы, танымал журналист Қаматай Хамидуллин, жас кәсіпкер Дамир Қыдырбайұлы сөз алып, ой бөлісті.

Еркін форматта ашық пікірлесу түрінде өткен кездесу кезінде журналистер атынан Алтын Тұрабекова, Базаркүл Ахметовалар қозғалып отырған мәселелерге қатысты өз пікірін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар