Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Талдықорғанда бағдарламасын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Сəдібек Түгелдің Алматы облысы бойынша сенімді өкілдері ұлттық жəне ат спорты түрлерінен спорт мектебінің ұжымымен және қала тұрғындарымен кездесті. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Талдықорғанда бағдарламасын таныстырды

Штаб өкілдері үміткердің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, осы күнге дейінгі өткізген іс шаралары жөнінде есеп берді.

Өңірлік штаб жетекшісі Бахытгүл Қожабергенова штаб құрамы, агитациялық материалдар, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ, жиылған қауымға Сəдібек Түгелдің сайлауалды платфомасын таныстырды. Бағдарламада басты назар аударылған мәселелер жөнінде әңгімелеп, құжаттың бірқатар тұстарын ортақ талқыға салды.

Басқосуда ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселесі де сөз болды. Қатысушылар штаб жетекшілеріне əртүрлі сұрақтар қойып, жауап алды.