Қырғыз Президентінің борты Астанаға қонды

жапаров
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM —  Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. 

ұшақ
Фото: ҚР Үкіметі

Елорда әуежайында Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды. 

Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.

ҚР Үкіметі
Фото: ҚР Үкіметі

Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті.

ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.

ұлан
Фото: ҚР Үкіметі

 

Соңғы жаңалықтар
telegram