Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық орталығында болды

Садыр
Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Қазақстанның ғарыштық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты.

Қазақстандық мамандар ғарыш мониторингі саласындағы жобалар туралы айтып, ғарыш аппараттарды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар ғарышқа ұшыру алдында спутниктерді сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді. 

Садыр
Фото: primeminister.kz

Орталыққа барған сапарында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен бірге Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жүрді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар