Садриддин Ахмедов мексикалық боксшыны нокаутпен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Канадада өткен кәсіпқой бокс кешінде Мексика өкілін нокаутпен жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Садриддин Ахмедов мексикалық боксшыны нокаутпен жеңді

Бірінші орта салмақ өкілдері Садриддин Ахмедов пен Густаво Гарибай (13-10-2, 5 КО) арасындағы жекпе-жек алты раундқа шақталған болатын. Алайда бесінші раундтағы Ахмедовтің бет қаратпаған екпініне мексикалық боксшы қауқарсыз болып шықты - нокаутқа түсті.

Қазақстандық проспект осымен үшінші жеңісіне қол жеткізді. Оның барлығында қарсыластарын нокаутқа жіберген. Ал Густаво Гарибай он бірінші рет жеңілді.