Сағадат Нұрмағамбетовтің сенімін ақтаған шәкірт

сенім
Фото: Jibek Joly телеарнасы

АСТАНА. KAZINFORM – Бастеми Жантемірұлы Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің тікелей басқаруымен  лауазымды қызметке тағайындалған. Бүгінде жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген тұлға Jibek Joly  телеарнасындағы «Мархабат» бағдарламасында қонақ болды.

Новосібір жоғары әскери-саяси училищесін үздік бітірген жас офицер Бастеми Жантемірұлы 40 жылдан астам уақытын әскери салаға арнаған. Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобында қызмет етіп, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен аға лейтенант әскери атағын мерзімінен бұрын алған. Кейін туған елге оралып, Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің тікелей басқаруымен жас офицер лауазымды қызметке тағайындалады. 

шәкірт
Фото: Jibek Joly телеарнасы

Әскери салада тәрбиеші офицерге артылған жүктің салмағы жеңіл болған жоқ. Жеке құрамның тәртібі, олардың арасындағы моральдық ахуал, әскери жұмыстың тиянақты ұйымдастырылуын қадағалау бірінші міндет еді. Бастеми Жантемірұлының басшылығымен атқарылған жұмыс жоғары нәтиже көрсетіп, полковник әскери атағы мерзімінен бұрын тапсырылған. 

шәкірт
Фото: Jibek Joly телеарнасы

Зейнет демалысына шыққан соң да әскери кафедраға он жылдай басшылық етіп, болашақ офицерлерді дайындап жатыр. Бүгінде ол Қарулы күштерге қатысты іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Жас ұрпақ тәрбиесінде Бастеми Жантемірұлының орны ерекше.

Бастеми Жантемірұлының жары Сағила Пануқызы да саналы ғұмырын әскери салаға арнаған жан. Балалары Арман мен Бауыржан да еліміздегі күштік құрылымдардың офицерлері.

Соңғы жаңалықтар