Сағадиев Үкімет басшысынан мектептерді Wi-Fi-мен қамту мәселесін шешіп беруді сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында жергілікті атқарушы органдарға мектептерді интернет және компьютерлермен қамту мәселесін көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Білім мазмұнын жаңарту барысында мұғалімдерді цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етудеміз. Цифрлық ресурстарға барлық мектептер бүгінгі күні қосылды. Жаңартылған білім беру мазмұнын қолдау үшін Назарбаев зияткерлік мектептері əзірлеген жүйелік əдістемелік кешен мұғалімдер мен мектептерге қолжетімді болды», - деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта мәселе жоқ емес.

«Осыған байланысты Бақытжан Əбдірұлы айта кеткіміз келеді. Мектептеріміздің  97 пайызы (ауыл мектептерін қосқанда) интернетке қосылғанымен, байланыс сапасына қатысты мəселе барлық өңірде бар. Мектептердің 62 пайызы ғана жылдамдығы 4 Мбайт/секундтық интернетпен қамтылған. 2,5 мың мектепке ғана Wi-Fi қосылған. Персоналды компьютерлермен жарақтандырылу деңгейі 11 оқушыға 1 компьютерден келеді. Аталған жағдай министрліктің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді», - деді Ерлан Сағадиев.

Министрі Үкімет басшысына осы мәселені шешіп беруді сұрады.

«Осыған байланысты Бақытжан Əбдірұлы жергілікті атқарушы органдарға мектептерді кең жолақты интернетпен, Wi-Fi-мен қамтамасыз етіп, компьютермен жабдықтау мәселесін шешуді тапсыруыңызды сұраймын», - деп түйді министр.

Соңғы жаңалықтар