Сағат 10.00-дегі мәліметтер бойынша, сайлау бюллетеньдерін 1 миллион 471 мың 473 адам алды - ОСК
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаңтардың 15-і күнгі сағат 10.00-дегі мәліметтерге қарағанда, облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша сайлау бюллетеньдерін 1 миллион 471 мың 473 адам алған.
Бұл елдегі барлық сайлаушылардың 15,8 пайызы. Аталмыш деректерді бүгін сайлау барысына байланысты өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос жария етті.
Астанда сайлаушылардың 4,2 пайызы, Алматыда 2,1 пайызы, Ақмола облысында 16,3 пайызы, Ақтөбе облысында 13,9 пайызы, Алматы облысында 32,3 пайызы, Атырау облысында 37 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында 24,7 пайызы, Жамбыл облысында 14,6 пайызы дауыс берген. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының сайлаушыларының 6,9 пайызы, Қарағанды облысында 12,4 пайызы, Қостанай облысында 27,8 пайызы, Қызылорда облысында 23,8 пайызы, Маңғыстау облысында 2,5 пайызы, Павлодар облысында 13,9 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында 25,3 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысында 4,9 пайызы өз таңдауларын жасаған. «Дауыс беру елімізде жұмыс істеп жатқан 9 мың 764 сайлау учаскесінде жүзеге асырылуда»,-деді В.Фоос.