Сағынтаев Ақмола облысының кәсіпкерлерін толғандырған мәселелерді талқылады

Кездесу барысында қатысушылар туристік саланы дамытуға бөлінген қосымша қаражаттың бөлінуін, сауда нарықтарын жаңғыртуды, «БЖК-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бюджетті арттыруды, ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері кооперативтерін қаржыландыруды, елді мекендердің бас жоспарын түзетуді, сонымен қатар Қазақстанда шағын индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады.
Кеңесте Өңірлік кеңес төрағасы, «Есіл» ЖШС бас директоры Қазбек Ескендіров, «Еңбек» ЖШС басшысы Қуаныш Рақышев, «Торговый дом» ЖШС бас директоры Алексей Смагин, «Новый Кокшетау» ЖШС басшысы Рустам Джангунаков, «Гормолзавод» ЖШСдиректоры Әсен Жақсылықов, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Мәди Елубаев, сонымен қатар «Тренд+» ЖШС құрылтайшысы Ержан Қуанған және «Зерен-Нұр» демалыс орталығының директоры, Ақмола облысының туристік бизнес қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов сөз сөйледі.
Көтерілген тақырыптарға орай ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қайрат Балықбаев түсінік берді.
Сөз барысында Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкімет жұмысының басты басымдықтарының бірі екендігін атап өтті. Бұл бағытта бизнес үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде бизнес шығындарын азайту, тексерулерді қысқарту, несиелік қолдауды қайта реттеу мен кеңейту сияқты жұмыстар да бар. Сонымен қатар, қазіргі кезде жаңа екі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда: АӨК дамыту мен өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, бұл бағдарламаларда да бизнесті қабылдау тәсілдері қарастырылған.