Сағынтаев Астана әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы барысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Астана әуежайын аралап, жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы барысымен танысты, сондай-ақ әуежайдың қолданыстағы терминалының жұмысы туралы баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды primeminister.kz .

Сағынтаев Астана әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы барысымен танысты

Астана әуежайының жолаушылар терминалын жөндеу «Нұрлы жол» бағдарламасын орындау аясында 2015 жылдың қаңтарынан бастап жүргізіліп жатыр. Жобада жалпы ауданы 47 000 ш.м. болатын терминал салу қарастырылған, оны аяқтаған соң әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн. астам жолаушыны құрайды.  

null 

1 маусымға қарай жаңа терминал бірінші рейстің жолаушыларын қабылдауға дайын болады деп күтілуде. 

null