Сағынтаев Атырау облысындағы балық өсіру кәсіпорнында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттің қолдауымен іске қосылған Caspian Royal Fish бекіре балығын өсіру кешенін аралады және оны одан әрі дамыту, оның ішінде өндірісті жаңғырту аясындағы перспективалармен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.
None
None

ҚР Премьер-Министрі өндірістік кешен ғимаратын аралап, тұйық сумен қамту жүйесінде бекіре тұқымдас балықтарды өсіру процесімен танысты, сондай-ақ инкубациялық цех пен балықты қыста ұстау залын қарап шықты. Балық өсіру кешенінің директоры Асқар Таубаев Бақытжан Сағынтаевқа кәсіпорынның ағымдағы қызметі мен осы жерде өндірісті жаңғыртуды жүргізу перспективалары туралы мәлімет берді.

2014 жылдан бастап жұмыс жасайтын «Caspian Royal Fish» ЖШС балық өсіру кешені жасанды өсірумен және бекіре тұқымдас тауарлық балықты қайта өңдеумен, сондай-ақ ас уылдырығын өндірумен айналысады.

Өзінің қалыптасу кезеңінде кәсіпорын мемлекет тарапынан қолдауға екі мәрте жүгінді. Құрал-жабдықтар сатып алуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы несиелендіру аясында және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі - 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-дегі үлесін кемінде 50% қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты ҚР Үкіметі бизнес үшін барлық шығындардың түрлерін және мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін азайту бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар