22:04, 23 Мамыр 2017 | GMT +6
Сағынтаев БАӘ сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында мәлім етілді.
Кездесу барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың биыл 15-16 қаңтарда БАӘ-ге ресми сапары барысында қол жеткізілген бірлескен жобалар мен екіжақты уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.
Бұдан өзге, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сонымен қатар ғарыштық және энергетикалық ынтымақтастықты дамыту келешегі жөніндегі мәселелер қаралды.