Сағынтаев Энергетикалық одақ жөніндегі еурокомиссияның вице-президентімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев энергетикалық одақ жөніндегі Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесу өткізді.

Сағынтаев Энергетикалық одақ жөніндегі еурокомиссияның вице-президентімен кездесті

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу аясында «Еуропа күндері» іс-шарасын өткізу жоспарланған ЭКСПО-2017 көрмесіне айрықша көңіл бөлінді.