Сағынтаев Инновациялық технологиялар паркін дамыту мәселелеріне қатысты отырыс өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының басқару комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz .

Сағынтаев Инновациялық технологиялар паркін дамыту мәселелеріне қатысты отырыс өткізді

Отырыс барысында «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ дамытудың стратегиялық мәселелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасының негізгі және жаңа салаларына инвестициялар тарту шаралары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ-ны ҚР Үкіметі 2015 жылдың 10 сәуірінде құрды. «Инновациялық технологиялар паркі» ИК Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - ҚР Президенті. Басқару комитетін ҚР Премьер-Министрі басқарады.

«ИТП» ДКҚ-ның стратегиялық міндеттері трансұлттық компаниялармен бірлесіп технологиялық даму орталықтарын құрудан тұрады. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша «ИТП» АЭА-да 161 компания тіркелген.