Сағынтаев қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Министрлер кабинеті мүшелерінің атынан Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағынтаев қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

«17 ақпан күні Жамбыл облысында қайғылы оқиғадан 7 әскери қызметші қаза тауып,  8 адам жарақат алды. Үкімет атынан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын. Оқиға орнына Елбасының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы барып қайтты», - деді Үкімет отырысын ашқан Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, ақпанның 17-сі күні Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көксай шатқалында болған қар көшкіні кезінде әскери дайыдықтарын жүргізген әскерилер қаза тапты. 16 адам құтқарылса, 7 сарбаз қайтыс болды.

Ресми мәліметке сәйкес, қайтыс болған сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.