Сағынтаев кәсіпкерлермен қаладағы эпидемиологиялық жағдайды талқылады
Бақытжан Сағынтаев мутацияға ұшыраған вирус штамының тарап, жағдайдың ушығуына байланысты Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенгенін атап өтті.
Оның айтуынша, таралу жылдамдығы бойынша қазіргі жағдай өткен жазға қарағанда әлдеқайда күрделі.
Эпидемия басталғалы бері қауіпті вирусты 32 597 адам жұқтырған (халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 1602,0 құрайды). 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында 14 856 адам.
2020 жылы КВИ-ді жұқтырған 18521 науқас тіркелген. 27 наурызда бір күннің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 510 науқас тіркелді (жергілікті), соның ішінде 415 науқаста симптомды болса, 95-і симптомсыз.
Осы ретте Б. Сағынтаев барша тұрғындарға карантин талаптарын қатаң сақтауға, бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және көпшілік шараларды өткізуден бас тартып, адам көп шоғырланған жерге бармауға шақырды.
Кездесуде кәсіпкерлер салықты, жалдау ақысын мен басқа да міндетті төлемдерді кейінге қалдыру, сондай-ақ қаржылық қолдау сияқты шараларды ұсыну туралы сұрақтар қойды. Бұл мәселені әкімдік үкіметпен бірге талқылайды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жазғы алаңдар мен «Ашық» жобасына кіретін компаниялардың жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылады.
Сонымен қатар, бизнес қауымдастық «Ашық» жобасының функционалдығын кеңейту және вакциналанған тұрғындарға денсаулық паспортын енгізу туралы пікірлер айтты. Сондай-ақ, аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері алдағы жаппай вакцинация науқанын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.