Сағынтаев кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарланды primeminister.kz сайтында.
Кеңес барысында экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде «Бірыңғай терезе» қағидаларын дамыту, ақпараттық технологияларды, электронды декларациялауды енгізу, сонымен қатар кедендік операцияларды жүргізуге заманауи нақты инфрақұрылым құру мәселелері талқыланды.