Сағынтаев Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді, деп жазады primeminister.kz.

Сағынтаев Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді

Кеңес барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ірі жол-көлік оқиғалары мен автокөлік жолдарының аса қауіпті учаскелеріндегі апаттардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

ІІМ-нің деректері бойынша, соңғы үш жыл аралығында автопарктер санының артуына қарамастан, елімізде апаттылық көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалған. Биыл жол-көлік оқиғаларының саны 5,7%-ға, ал қаза тапқандардың саны 3,2%-ға және жараланғандар саны 3,8%-ға төмендеді.

Ірі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері - жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, жол қозғалысы қатысушыларының жолда шаршап кетуі, апаттық-қауіпті учаскелердің болуы. 

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.