Сағынтаев Мажарстан министрімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мажарстанның сыртқы экономика және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм және мұнай-газ салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, АХҚО аясындағы өзара іс-қимыл мен Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында 18 тамызда Мажарстанның ұлттық күнін атап өту мәселелері қаралды.