Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар жөнінде кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар және жер қойнауын пайдалану субъектілерін мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.