Сағынтаев жалақы қорына жүктемені оңтайландыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жалақы қорына жүктемені оңтайландыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағынтаев жалақы қорына жүктемені оңтайландыруды тапсырды

«Мемлекет басшысы атап өткендей, міндетті медициналық сақтандыру енгізуге байланысты жалақы қорына қосымша жүктеме артады. Сөз зейнетақы жарнасына, табыс және әлеуеттік салыққа, сонымен қатар жоспарланып отырған жұмыс берушінің аударымдарына қатысты болып отыр. Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлемдік тәжірибені зерделеп, оларды оңтайландыру мүмкіншіліктеріне қатысты ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Сағынтаев.