Сағынтаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысына қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Сағынтаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды

ЕҮАК жұмысы аясында Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар, шекара, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ертең ЕуразЭО-ға мүше елдердің Үкімет басшыларының Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Үкіметаралық кеңес - Одақ елдерінің Үкімет басшыларынан құралған ЕуразЭО органы. ЕҮАК ЕуразЭО туралы Келісімшартты, халықаралық келісімшарттарды және Жоғарғы кеңестің шешімдерін жүзеге асыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.