Сағынтаевқа РФ теңіз порттарына қолжетімділік проблемасын шешу өтініші жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан көмірінің экспорты үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағындағы теңіз порттары қызметтеріне теңдей қолжетімділік мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағынтаевқа РФ теңіз порттарына қолжетімділік проблемасын шешу өтініші жасалды

«Қазақстандық көмір өндіруші компаниялар Ресей Федерациясы теңіз порттары операторларының қызметтеріне қолжетімділік кедергілеріне тап болды. Кедергілер баршылық, барлық оператор компаниялар бұл мәселені бақылауда ұстап тұр»,-деді министр ҚР Үкіметінің отырысында.

Осыған байланысты ол ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтан аталған мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия аясында қарастыру жайында тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беруді сұрады.

Бозымбаевтың пайымынша, бұл өз кезегінде Еуразиялық экномикалық одақ шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін туындатуы ықтимал.