Сағынтаевтың «Oracle» вице-президентімен кездесуінде ІТ-саланы дамыту мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев вице-президент Януш Наклиски бастаған «Oracle» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. 

Сағынтаевтың «Oracle» вице-президентімен кездесуінде ІТ-саланы дамыту мәселелері талқыланды

Кездесу барысында ІТ-саланы дамыту, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының, сондай-ақ алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Анықтама:

Oracle (Oracle Corporation) - америкалық трансұлттық корпорация, табысы жағынан екінші бағдарламалық қамту өндіруші (Microsoft-тан кейін), ұйымдарға арнап ірі бағдарламалық қамту өндіруші, серверлік жабдықтарды ірі жеткізуші.

Oracle корпорациясы әлемнің көптеген елдерінде ақпараттық жүйелер саласында үлкен тәжірибеге және көптеген іске асырылған жобаларға ие. Қазақстан нарығында Oracle 18 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.