06:14, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Сағыз шығаратын компаниялар көшелерді жинайтын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда сағыз шығаратын компания тротураларды жинау жауапкершілігін алуға міндетті. Бұл туралы Жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығы шенеуніктерінің бірінің мәлімдемесіне сілтеме жасап шетелдік БАҚ жазады.

Атап айтқанда, қауымдастық мүшесі Wrigley компаниясы көше жинауды қаржыландыруға елеулі үлес қосуға міндетті екенін мәлімдеді. Өйткені сағыз тазалық пен тәртіптің сақталмауына себеп болады.
Бұдан басқа қауымдастық компания сағызды өз бетінше ыдырап кететіндей етіп шығару жақтарын ойластыруы тиіс екенін айтты.