Саха елінде бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 19 шілде. ҚазАқпарат - Саха Республикасының Якутск қаласында бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Онда ерлер арасында - 128, әйелдер арасында 34 тастаяқшы бақ сынауда. Бұл додада ел намысын алматылық Әлихан Қаранеев, Арби Муциев, Алмас Әбсейіт, Дәурен Орынбаев, Қаныбек Сағындықов, Максим Пан, қарағандылық Әлібек Омаров, рудныйлық Никита Цисельский қорғауда. 18 қыркүйек күні басталған бұл жарыстың ақтық сындары сенбі күні өтеді. Бұл дода Ә. Омаров, Д. Орынбаев, М. Пан сәтті өнер көрсетуде. Атап айтқанда Дәурен ресейлік Юрий Кимді 7:0, ресейлік Сергей Семеновті 7:6 етіп ұтып, енді украиналық Евгений Новосадпен, Әлібек украиналық Артем Моисеенконы 7:3, ресейлік Олег Еркулевті 7:4, Сергей Тузовты 7:2 есебімен жеңіп, енді беларусь Вадим Карповичпен сайысқа түсуде. Максим болса чехиялық Гагик Арутюнянды 7:2, украиналық Павел Радионовты 7:5 етіп жеңіп, енді ресейлік Владимир Петушковпен күш сынасуда. Бұған дейін Арби ресейлік Эйнар Замалеевті 7:6 етіп жеңгенімен, тағы бір ресейлік Павел Мехововқа 4:7 боп ұтылса, Никита латвиялық Виктор Виноградовты 7:6 ұтып, өзбекстандық Джасур Рахматуллаевқа 4:7 боп жеңілді. Оның алдында алғашқы ойында Әлихан қырғызстандық Дастан Лепшаковқа 4:7, Алмас ресейлік Александр Банныйға 1:7, Қаныбек ресейлік Алексей Аммосовқа 5:7 есебімен ұтылып, жүлделі орыннан ерте үміт үзген еді.