Саха Республикасының үш елді мекенінде -57 градус аяз

ЯКУТСК. ТАСС - ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні таңертең Саха Республикасының 20-дан астам пунктінде -50 және одан төмен температура тіркелді. Бұл туралы аталмыш мемлекеттің Қоршаған ортаның гидрометеорология және мониторинг басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None

Мәскеу уақытымен түнгі 12-де Хабардино, Верхневилюйск және Бердигестях пунктілерінде -57 градус болды. Покровск, Оленька және Сунтар елді мекендерінде термометр -56 градус, Томмот пен Нюрбада -55 градус, Дорожный, Амга, Эйик және Вилюйскте -54 градус көрсетті. Якутскте ауа температурасы – минус 50 градус.

Аязға байланысты Саха мектептері 16-18 қаңтар аралығында қашықтан оқуға ауыстырылды. 15 қаңтарда Білім және ғылым министрі Ирина Любимова ауа температурасы -65 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін ескертіп, осындай бұйрыққа қол қойған болатын.


Фото: yakutia.kp.ru


Соңғы жаңалықтар