Сахалин жағалауында «Анабар» кемесі апатқа ұшырады

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Сахалин жағалауының Татар бұғазында теңіз табанын тереңдеткіш «Анабар» кемесі апатқа ұшырады.
None
None

Қатты толқын оны жағалаудағы тас үстіне шығарып жіберген. Соның салдарынан кеме жартылай суға батып тұр, тоқ ажыратылған, машина бөлігі толық су астында қалды. Екі адамды - капитан мен матросты толқын шайып кеткен. Капитанды ғылыми кеменің теңізшілері бортқа көтеріп алған, ал екінші теңізші іздестіріліп жатқанымен, әзірге нәтиже жоқ, деп хабарлайды РБК.

Тереңдеткіш кеменің бортында арнайы гидрокиім киген 17 адам қалды, экипаждың 14 мүшесі жағалауға жеткізілді. Күшті жел және қуатты толқындарға байланысты құтқару операциясын бастау әзірге мүмкін болмай отыр.

Невель бұғазы арқылы газ құбырын тарту жөніндегі жұмыстарға қатысу үшін «Анабар» кемесі Якуттен Сахалинге келе жатқан болатын. Кеше кешке асау толқын оны зәкірінен жұлып алып, жағалаудағы жартастардың біріне соққан, деп хабарлайды «Ресей» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар