Сахалин жағалауында екі теңізші жоғалып кетті
МӘСКЕУ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Кеше Сахалин облысының Углегорск кентінде тұратын бір әйелден маусымның 20-сы күні кешке елді мекеннің екі тұрғыны ағаш қайықпен теңізге шыққанын және қазіргі уақытқа дейін оралмағаны жөнінде хабар түсті.
Бұл жөнінде РФ төтенше жағдайлар министрлігі Сахалин облысы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Іздеу жұмыстарына 22 адам және жеті техника түрлері тартылған. Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін шұғыл топ құрылды және жұмыс істеуде.