Сахалинде 82 балықшы балық аулап отырған мұз бөлініп, теңізге кетіп қалған
АСТАНА. KAZINFORM – Құтқарушылар Сахалин облысының оңтүстігіндегі Стародубское ауылы маңында жарылып бөлінген сеңнен 82 балықшыны жағаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТАСС.
«Сахалинде құтқару операциясы аяқталды. 82 адам эвакуацияланып, жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ» делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін 75 балықшының құтқарылғаны туралы хабарланған болатын.
Алдын ала мәлімет бойынша, мұздақта тағы бірнеше адам қалған. Оларды құтқару үшін Ресей ТЖМ қайықтары мен Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды.
18 ақпан күні таңертең Ресей ТЖМ Сахалин облысы бойынша дағдарысты басқару орталығына Сахалин облысындағы Стародубское ауылы ауданында мұздақтың бөлінуі туралы ақпарат келіп түсті.
ТЖМ баспасөз қызметі нақтылағандай, жарылып бөлінген мұздықтар жағалаудан 1 шақырым жерде болған.