Сахалинде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған әуебомбасын жарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сахалиндегі Холмск ауданының тұрғындары Екінші дүниежүзілік соғысының әуебомбасын тапты. Бұл туралы олар дереу полицияға хабарлады. Тәртіп сақшылары бомбаны қоршауға алды.
Бүгін таңертең оқиға орнына жарылғыш заттары бойынша арнайы мамандар келді. Бомбаны көрген соң олар басқа жерге тасымалдамай сол жерде жаруды ұйғарды. Ескі қаруға жарылғыш затты жалғап, іске қосты, деп жазды tvzvezda.ru.