Сахалинде сұрапыл дауыл салдарынан сан мыңдаған балық қырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татар бұғазының жағалауына дауылдан кейін мыңдаған балық жағаға шығып қалды. Жергілікті тұрғындар мұндай көлденең олжаны жинауға кірісіп кетті, деп жазады epochtimes.ru.
Мамандардың айтуынша, балықтар суық салдарынан қырылған. Дауылдан кейін судың температурасы күрт төмендеген, ал күннің көзі мұхиттың тек жоғары бетіне ғана жылу береді. Тереңдікте судың температурасы нөлге тең. Желдің суды араластыруы салдарынан мыңдаған балық қырылды.